Елбасы кітапханасының музейінде Суретшілер одағының мүшесі Гүлбарам Асқарованың «Ойлар жинағы» көрмесі ашылды. Бұл көрменің ерекшелігі – балалар ортасында жұмыс істейтін суретші-педагогтің шығармашылығында.
Өз тәрбиеленушілерінің шығармашылығын жасап, сезіне білу – кез келген елдің мәдениетіндегі дәстүрлер мен жаңашылдық сабақтастығының үздіксіз желісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көрмеде суретшінің «Коллаж» техникасында орындалған 40-қа жуық жұмысы ұсынылды. Коллаж – бұл сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі, онда суретші материалдардың гетерогенді бөліктерін негізге желімдеу арқылы арт-нысанды жасайды. Коллаж қызықты, өйткені ол фрагменттермен, тұтас элементтермен жұмыс істейді, олар көбінесе калейдоскоп сияқты еріксіз үйлесімде үлкен суретке түсіп, жаңа мағына, жаңа визуалды құрылымдар қалыптастырады.
«Бұл – менің алғашқы маңызды көрмем. Елбасы кітапханасына, көркемсурет мектебінің әкімшілігіне, мені әрдайым қолдаған мұғалімдерге алғысымды білдіремін. Бүгін сіздер көретін нәрсе – классика емес, бұл – «ойлар жинағын» көруге жетелейтін дүниелер. Кейбіреулер суреттер арасынан өздерін көруі де мүмкін», дейді суретші.