Бакуде АҚШ-тың танымал кинорежиссері, үш дүркін «Оскар» иегері Оливер Стоунның Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірген «Qazaq History Of The Golden Man» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шараға мәдениет және ғылым, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері мен фильмнің режиссері Игорь Лопатенок пен продюсер Вера Томилова қатысты. Олар trend.life-қа берген сұхбатында екі жылға жуық мерзім ішінде түсірілген картина туралы баяндап берді.
Кештің ашылу салтанатында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі мен киножоба туралы айтты.
Еске салсақ, Оливер Стоунның продюсерлігімен шыққан «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен.