• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қараша, 2021

Жантүршігерлік жол апатынан 46 адам қаза тапты

198 рет
көрсетілді

Болгарияда автобус жол апатына ұшырап, 46 адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 02.00 шамасында София – Благоевград тасжолының 31-шақырымында болған.

52 адам мінген македониялық автобус кеше кешке Болгария шекарасынан өткен.

Апатқа қатты жауған жаңбыр немесе жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін.

Бұған дейін апаттан 46 адам қайтыс болғаны хабарланған. Қайтыс болғандардың арасында көлік жүргізушісі де бар. Ол кезде 7 адам аман қалғаны, арасында екі әйел, бес ер адам болғаны айтылды. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.