• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Қараша, 2021

Қазақстанға қауіпті штамдар сақтайтын зертхана не үшін қажет?

561 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вирустардың аса қауіпті штамдарының жер асты қоймасы бар зертхана салғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір бұл мәселе пысықталуда. Бірақ кез келген жағдайда мемлекеттегі кез келген зертхананы Қазақстан толығымен басқарады», дейді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Еске сала кетсек, мұндай зауытты Жамбыл облысының Гвардейский ауылында салу жоспарланған. Министрдің айтуынша, қаржыландыру мемлекет есебінен болады, бірақ нақты сома әлі белгісіз.

Қазақстанда вирус штамдарын зерттеу бойынша бір BSL-3 зертханасы бар. Оның негізінде қазақстандық QazVac вакцинасы жасалды.

«Кәдімгі зертханада қауіпті штамдармен айналысу мүмкін емес. Себебі олар жұқпалы. Бізге белгілі бір жағдайлар, қорғаныс костюмдері, арнайы ауа өңдеу қажет. Қауіпті жерде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігі ескерілуі тиіс. Сондықтан бұл мәселе зерттелуде», деп атап өтті Алексей Цой.