Ashyq жүйесі уақытша істен шықты. Бұл туралы қосымшаның Telegram-каналында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
«Құрметті Ashyq жүйесін қолданушылар, қазіргі уақытта қосымшада техникалық кідірістер орын алды. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.
Бұған дейін Ashyq жүйесі бірнеше мәрте уақытша істен шыққан болатын.