Елордада көлік жүргізушісі жол ережесін бұзды. «Ваз 21140» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ақпарат таратты. Оқиға бүгін шамамен 19:30-дарда орын алған. 37 жасар көлік жүргізушісі Құдайбердіұлы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында қызыл түске жүріп кеткен. Салдарынан жолдан ережеге сәйкес өтіп бара жатқан тұрғынды қаққан. Нәтижесінде 34 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге барып, тексерістен өткен соң үйіне қайты. Аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізілуде.