Бокс әлемінің аңызы, кәсіпқой рингте сегіз салмақта әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы Мэнни Пакьяо кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін кезінде есірткі қабылдағанын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз есірткі қолданғандар мен оларды сатқандардың барлығын темір тордың ар жағына тоғытуға тиіспіз. Бұл – заң талабы. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Кезінде жастықтың буымен, аңғалдықпен мен де есірткі қолданғанмын. Ол кезде заңды білген жоқпын. Қазір елдің бәрі заңды жақсы біледі», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Мэнни Пакьяо осы жылдың қыркүйек айында кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабына нүкте қойған болатын.