• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2021

Шар қаласындағы төбелеске қатысты тергеу басталды

270 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше кешкі уақытта әлеуметтік желілерде Шар шаһарындағы көшелердің бірінде бір топ жігіттің жаппай төбелесіп жатқандығы туралы видео тарап кетті.

Онда ерегескен ер адамдардың бір-біріне атылып, былапыт сөздер айтқандары көрініс берген.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсінік берді.

«Аталған факті бойынша 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бір топ адам жасаған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Әзірге ешкімнен дене жарақаты туралы арыз-шағым түскен жоқ. Қылмыстық істің тергелуі және оқиғаның барлық мән-жайының анықталуы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», деп хабарлады ведомство өкілдері.