• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Қараша, 2021

Сарапшы: Мексикалық боксшы 4-5 раундта құлайды

326 рет
көрсетілді

Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов пен мексикалық Данте Хардон арасындағы шайқасқа қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жекпе-жек толық өтпейді. Қазақ боксшысы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңетіні сөзсіз. Ол кездесулерін ұзаққа созуды қаламайды. Индонгоны да жылдам жеңгені жадымызда. Біздіңше Данияр Хардонды 4-5 раунд шамасында нокаутпен жеңеді. Мексикалық бетімен рингке сұлқ түседі. Солай болатыны анық», дейді арна иесі.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов пен Данте Хардон арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсан күні өтеді. Бұл кездесуде боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.