• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2021

Үй ауласында оқ атқан павлодарлық ұсталды

363 рет
көрсетілді

Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғыны түн ішінде мылтықтан оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«24 қарашада сағат 02:00-де Павлодар полициясына Павлов көшесіндегі 38-үйдің ауласында сағат 00:42-де бұзақылық ниетпен 40 жастағы ер адам 12 калибрлі «MOSSBERG» маркалы мылтықтан ауаға екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Оның айтуынша, атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мылтық тәркіленді. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша 40 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-тармағы 3-бөлігінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын қосты.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады», деп атап өтті ведомствода.