• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Қараша, 2021

Деметриус Андраде: АҚШ-та мен тұрғанда Головкин Жапонияға неге барады?

225 рет
көрсетілді

WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері Деметриус Андраде шаршы алаңда кездесе алмай жүрген өз салмағындағы өзге чемпиондарға деген өкпесін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің әдеттегідей Головкин мен Чарло жайында айтқанымды қалайсыздар ма? Тура қасында, АҚШ-та мен жүрген кезде Головкин неге Жапонияға ұшуға құмартып тұр? Мен бұл бизнесті мүлде түсінбеймін. «Канело» жыл ішінде еуропалық төрт боксшымен шықты. Олар спорттық бабына енбеген жігіттер еді. Сөйтіп мексикалық екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Шынын айтқанда ол мықтылармен кездескен жоқ. Мен Билли Джо Сондерспен де, Джермалл Чарломен де кездескім келді. Тіпті Чарлоның командасына 7 миллион доллар ұсынылды. «Канелодан» басқа кімге қарсы шайқаста ол мұндай табыс табуы мүмкін? Ешкім», деді ол.