• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2021

Семейде екінші ауысымдағы сыныптар онлайн оқиды

165 рет
көрсетілді

Семей қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейде 24 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.

«Таңертең қаладағы 9 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқыған. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан Курчатов қаласындағы 0-11 сынып оқушылары да мектепке бармады», деп хабарлады ведомство өкілдері.