Семей қаласында көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, таңертеңнен бері көктайғақтан зардап шеккен тұрғындар медициналық мекемелерге жүгінуде.
«Бірнеше сағат ішінде дәрігерлер жарақат алып, аяқ-қолы көгерген 33 адамға көмек көрсетті. Көктайғақ кезінде азаматтардың барынша абай болғаны жөн», делінген ақпаратта.