• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2021

Жамбыл облысының тұрғынынан қару-жарақ арсеналы табылды

348 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының ауыл тұрғыны қару-жарақ арсеналын сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция және ҰҚК қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Т.Рысқұлов ауылдық округі тауларының етегінен бірнеше атыс қаруы мен патрондары, оның ішінде Ақсу-74 маркалы жауынгерлік автоматты қаруы мен 5,45 калибрлі патрондар табылды.

Қару-жарақ арсеналы 1989 жылы туған Каменка ауылының тұрғынына тиесілі болып шықты.

«Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық алынған атыс қаруы бойынша бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін тиісті сараптамалар тағайындалды», деп жазады Жамбыл облысының ПД.