Әйел өзінің туған баласын Жамбыл облысындағы бөтен адамдардың үйіне қалдырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Рейд барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны танымайтын адамдарға заңсыз бере салған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады», деді полициядан.
Айта кетсек, Жамбыл облысында «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған. Профилактикалық іс-шара жалғасуда.