• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2021

ШҚО-да екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

192 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.

«Ұлан ауданында, Глубокое ауданы Белоусовка кентінде және Күршім ауданында 0-9 сыныптар мектепке бармайды. Ал таңертең Бесқарағай ауданының орталығында, Глубокое, Көкпекті, Ұлан аудандары мен Шемонаиха ауданының Пруггерово және Сугатовка ауылдарында 0-11 сыныптар қашықтан білім алған болатын»,  деп хабарлады ведомство өкілдері.