Сочиде бүгін Ресей мен Әзербайжан президенттерінің, сондай-ақ Армения премьер-министрінің үшжақты кездесуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесуде Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Никол Пашинян үш ел басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы және 2021 жылғы 11 қаңтардағы келісімдерін жүзеге асыру барысын қарастырады, сондай-ақ тұрақтылықты нығайту және бейбітшілік мақсаттағы қадамдарды талқылайды.
Сауда-экономикалық және көлік байланыстарын қалпына келтіруге және дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.