Еуропалық Одақ кеңістігіндегі саяси оқиғалар туралы жазатын беделді The Parliament Magazine басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Онда Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапарына орайластырылған Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ой толғайды», деп жазылған хабарламада.