Биыл мұнай бағасы (Brent, WTI және Dubai) барреліне орта есеппен 70 АҚШ долларын құрады. Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2022 жылы баға барреліне 74 долларға дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банктің аға экономисі Джон Баффстың айтуынша, табиғи газ бен көмір бағасының өсуі алюминий мен мырышты қоса алғанда, бірқатар металдар өндірісінің төмендеуіне кері ықпал етпек. Алдағы уақытта әлемде энергия көздерінің тапшылығы туындайды.
2021 жылдың үшінші тоқсанында энергия бағасы тез өсті. Келер жылы баға көтерілмесе, төмендемейді. Бұл бүкіл әлемде инфляциялық қысымның жоғарылауына ықпал етеді. Энергия экспорттаушы елдерде өсім болады, импорттаушы елдер шығынға батады. Банк болжамына сәйкес 2021 жылмен салыстырғанда энергия тасымалдау 2022 жылы 80%-ға өсуі мүмкін.