• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қараша, 2021

Коронавирустың жаңа штаммына атау берілді

301 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африкадан келген коронавирустың жаңа штаммы B.1.1.529 ресми түрде «омикрон» деп аталды. Бұл туралы ДДСҰ сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың тағы бір түрі инфекцияның таралуына қарсы күрес жүргізіліп жатқан елдерге қауіп төндіруі мүмкін.

Бұл штамм алғаш рет Оңтүстік Африкада табылды, онда соңғы апталарда инфекциялар санының күрт өсуі байқалады. Ғалымдар оны 9 қарашада жиналған үлгіден бөліп алып, сәрсенбіде ДДСҰ-ға хабарлады.

«Бұл нұсқада көптеген мутациялар бар, олардың кейбіреулері алаңдаушылық тудырады», делінген ДДСҰ мәлімдемесінде.

ДДСҰ коронавирустың «омикрон» нұсқасы бұрынғыдан гөрі тезірек таралады деп болжады. Сондықтан жаңа штамм әлемдегі көптеген адамдарға, соның ішінде басқа штамдармен ауыратындарға қауіпті әсер етуі мүмкін.

B.1.1.529 нұсқасы Оңтүстік Африка, Ботсвана, Израильде және Гонконгқа Оңтүстік Африкадан келген туристтен табылды. Бұл штамм Бельгияда да анықталды.