Жұма күні жаңа вирус түрі туралы жаңалық әлемдік биржадағы мұнай бағасының 12%-ға төмендеуіне әкелді. Бұл соңғы бір жарым жылдағы ең үлкен құлдырау, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Энергетикалық дағдарыстың жалғасуына қарамастан, инвесторлар пандемияның жаңа толқыны адамдардың қозғалысын айтарлықтай шектеп, отынға деген сұранысты төмендетіп, жалпы экономикалық өсуді баяулатады деп үрейленіп отыр.
Соған қарамастан, алтын қымбаттап жатыр. Егер отынға сұраныс төмендей берсе, әлемдік экономиканы қалпына келтіру одан да ұзақ және күрделі болады. Әсіресе, әуе компаниялары мен туристік кәсіпорындардың акциялары 10-15%-ға төмендеді.
Бірақ ДДСҰ өкілдері барлық елдерді дүрбелең тудырмауға және жаңа шектеулер енгізуге асықпауға шақырып жатыр.
Нью-Йорк биржасындағы Dow Jones индексі бір күнде 2,5%-ға төмендеді.