• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қараша, 2021

Түрлі нақышта түрленген Тараз

307 рет
көрсетілді

Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз қала­сының бүгінгі келбеті мен шаһардағы сәу­леттік өзгерістер көптің көз алдында. Әсіресе тәуел­сіздік жылдары Тараздың түрлену кезеңі бол­ды. Көне қаланың өрнегі артып, өрісі кеңейді.

Та­рихи ша­һардың бүгінгі келбетін көпшілікке таныту мақ­сатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкім­дігінің қолдауымен «Түрленген Тараз» республ­ика­лық фото-бейне, мобилиография шебер­лерінің бай­қауы ұйымдастырылған болатын. Шаһар­дың бар­лық болмысын бір ғана нысанаға сыйдырған ше­бер­лер байқауға «Үздік мобилиограф», «Үздік дрон түсі­руші», «Үздік фотограф», «Үздік силуэт», «Ұш­палы сурет» сияқты 15 аталым бойынша қатысқан.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде аталған бай­қаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жалпы, байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 үміткер оза шауып, аталған әр аталым бойынша жеңімпаз атанды. Қатысушылардың әрқайсысы күн санап көркейіп келе жатқан Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін жан-жақты дүниелері арқылы барынша әсерлі етіп көрсете білген. Нысанаға, әсіресе, көне шаһардың тарихи-мәдени орындары көп ілінген. Сонымен қатар кейінгі кездері мемлекет қолдауының нәтижесінде бой көтерген нысандар да назардан тыс қалмапты. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қатысушы үміткер өзіндік қолтаңбасымен, ойлау ерекшелігімен және көре білу қабілетімен тарихи шаһарды танытуға атсалысқан. Жеңімпаздар мен жүл­дегерлерді қала әкімі Ержан Жылқыбаев марапаттап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

 

Жамбыл облысы