Теннистен 2021 жылғы Дэвис кубогінің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олардың қатарында Қазақстан командасы да бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстан командасы B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді.
Осылайша, Қазақстан мен Сербия арасындағы кездесу 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді.
Сербия әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы аталған турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті.
Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович.
Ширек финалдағы өзге де кездесулер:
29 қараша. Хорватия – Италия
30 қараша. Ұлыбритания – Германия
2 желтоқсан. Ресей – Швеция