• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қараша, 2021

Перуде жер сілкінді

356 рет
көрсетілді

Перуде 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы жексенбіде Америка Құрама Штаттарының геологиялық қызметі (USGS) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

 

Жерасты дүмпулерінің ошағы жағалаудағы Барранка қаласынан солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым жерде болды. Оқиға ошағы 112,5 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Цунами қаупі туралы хабарланғанбаған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. 

Перу әлемдегі сейсмикалық белсенділігі жоғары елдердің бір. Ол Тынық мұхитының сейсмикалық белдеуінде орналасқан.