• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қараша, 2021

Павлодарда бояу сақталған қойма өртенді

240 рет
көрсетілді

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 28 қараша күні сағат 22:01-де «101» пультіне облыс орталығындағы қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Шығыс өндірістік аймақ көшесі, 53 а мекенжайында «Лакра» ЖШС-де лак-бояу бұйымдарын дайындау және сақтауға арналған жеке тұрған қоймада өрт шықты. Жалпы ауданы 432 шаршы метр аумақта лакталған, боялған бұйымдар өндіруге арналған 6 металл қондырғы жанған. Сағат 00:05-те өрт сөндірілді. Оқиға орнында департаменттен 41 қызметкер мен 9 техника, «ПМХЗ» ЖШС-нен 5 қызметкер мен 1 техника, апаттық медициналық орталықтан 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды», деді баспасөз қызметінде.

Оқиғаның мән-жайы, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.Фото және видео: облыстық ТЖД