Әлеуметтік желілерде Риддердегі уақытша ұстау изоляторы бастығының әйел зорлағаны туралы хабар тарауда. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жария етілмейді», делінген ақпаратта.