Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов 5 желтоқсан күні сегіз бұрышқа оралады. Бұл күні отандасымыз UFC турнирінде анголалық Манель Капеге қарсы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Букмекерлік кеңселер аталмыш шайқасқа қатысты болжам жасап та үлгерді. Мәселен, Parimatch букмекерлік кеңсесі жекпе-жек қорытындысы бойынша анголалық спортшының жеңіске жететініне сенеді. Олар Манель Капенің жеңісіне 1,49 коэффициент ұсынса, Жалғас Жұмағұлов жеңеді дегенге 2,5 коэффициент берген. Бір сөзбен айтқанда Лас-Вегас төріндегі шайқаста Капенің мерейі үстем болады дегенге көбірек сенім артып отыр.