• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қараша, 2021

Польша карантин уақытын ұзартты

223 рет
көрсетілді

Коронавирустық инфекцияның омикрон штамы Польша билігінің де мазасын қашырды. Аты құрғыр омикрон штамына байланысты ел билігі ЕО-дан басқа елдерден келетіндер үшін карантинді екі аптаға дейін созғанды жөн деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Коронавирустың омикрон штамының әлем елдерін әбігерге салғаны Польшаға да өз әсерін тигізді. Жергілікті билік жоспарлы карантинді тағы 14 күнге созғанды мақұл көріп отыр. Польшаға ЕО-дан басқа елдерден келетіндер үшін талап күшейтіледі.