Нұр-Сұлтан қаласында триатлоннан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған оқу-жаттығу жиыны жаңа 2022 жылғы маусымға дайындық болып саналады.
Айта кетерлігі, спортшылар екі апталық дайындықтан өтіп, велосипедке қатысты техникалық сипаттағы тапсырмаларды орындап, жаңа маусымға жалпы дайындықтарын дамытып жатыр.