• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2021

Теміртауда ұрылар зейнеткердің 3 миллион теңгесін ұрлап кеткен

425 рет
көрсетілді

Теміртауда ұрылар зейнеткердің үш миллион теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Қала полициясына 87 жастағы кейуананың өзі хабарласып, оның екі миллион 732 мың теңге ақшасын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан.

Полицияның мәліметінше, әжейдің пәтеріне сумен жабдықтау мекемесінің қызметкеріміз деп екі ер адам келген. Олар су сүзгісін тегін ауыстыратынын айтқан.

Жәбірленуші «жұмысшыларды» пәтеріне кіргізген. Олар кеткеннен кейін әжей жинаған ақшасының жоғалғанын білген.

28 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 21 және 33 жастағы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады. Аталған факті негізінде полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.