Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өтті.
Конференция аясында «Нұрсұлтан Назарбаев – түркі интеграциясының сәулетшісі» пленарлық отырысы болды. Жиын барысында спикерлер халықаралық интеграциялық үдерістердегі, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының рөлін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов жиын модераторы болды.
Іс-шарада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінің басшысы Сергей Тоқтаров Қор директоры Дариға Назарбаеваның құттықтау сөзін жеткізді. «Қазақстан халықаралық аренада өз ұстанымын нығайтты, еркін және бейбітшілікті сүйетін тәуелсіз мемлекет атанды. Бүгінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдардың тең құқылы мүшесі. Еліміз аймақтық және жаһандық ауқымдағы саяси және экономикалық қатынастардағы сенімді серіктес қана емес, Еуразияның маңызды мәдени және зияткерлік орталығы болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының басшылығымен Қазақстан өзінің тұрақтыдаму үлгісін – «Назарбаев моделін» құрды деп сеніммен айта аламыз», делінген Д.Назарбаеваның құттықтау сөзінде.
Басқосуда Түркия Республикасы Конституциялы қсотының төрағасы Зухту Арслан, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстан Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымдарының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетінің ректоры Жанар Темірбекова сынды зиялы қауым өкілдері құттықтауларын жеткізді.
Жиында Игорь Рогов Елбасы идеяларының мән мәтініне негізделген түркі әлемінің интеграциясын елімізде және әлемде болып жатқан басқа интеграциялық үдерістерден бөлек қарастыруға болмайтынын айтты. Оның пікірінше, заманауи мемлекеттің дамуы басқа елдермен әріптестік, тәжірибе алмасу, түрлі салаларда өзара көмек көрсету принциптеріне негізделген.
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми: «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлеміндегі айрықша рөлі халықаралық деңгейде мойындалған. Елбасының бастамаларының арқасында тарихы ортақ, мәдениеті, тілдері ұқсас түркі елдері ынтымақтастықтың жаңа сатысына шықты», деді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Н.Назарбаев моделі мен түркі әлемінің интеграциясы тақырыбы ерекше алуан қырлы мәтінге ие болуы заңды екенін айта келіп, «Назарбаев моделінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік ұғымы, Қазақстан жолы, көпвекторлы саясат, қазақстандық патриотизм, ядролық қарудан азат аймақ сияқты тәуелсіздігіміздің тарихи тұрғыдан іске асқан керемет құбылыстарын бейнелейтін ұғымдармаңызды орын алады. Бұның бәрі Елбасының бірегей идеясынан туындаған дүниелер», деді.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры Жанар Темірбекова Елбасының сындарлы саясатының арқасында құрылып, бүгінде ерекше мәртебеге иеболған оқу орнында 30 жыл ішінде атқарылған елеулі жұмыстарды атап көрсетті.
Халықаралық конференция аясында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» және «Назарбаев моделі»: түркі әлемінің 2040 жылдағы көрінісі» аттыд өңгелек үстелдер, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдарға арналған конкурстары» атты семинар ұйымдастырылды.
Жиналған қауым бауырлас түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын, жаңа ғасырдағы түркі дүниесінің бейнесін, Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемініңинтеграциясындағы рөлі мен ұлтаралық татулықтысақтау үшін қалыптастырған даңғыл жолын, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің қазіргі жағдайын, түркі әлемі елдерінің әрбір сала бойынша ықпалдастығын, түркітілдес елдерден құралған ұйымдардың жұмысымен қызметін, соңғы 30 жылға жеткен жетістіктерді, келешекте атқарылуы тиіс жобаларды, жаңа бояуалған Түркістан қаласының өткені, бүгіні мен келешегін талқылады.
«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Мәмбет Қойгелдиев: «Түркістан – халқымыздың ғана емес, күллі түркі әлемінің руханиорталығы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдері арасындағы жан-жақты байланысты нығайтуға үлесқосқан тұлға. Оның бұл үдерістегі рөліне баға жетпейді», деді.
Конференция қатысушылары, әсіресе, түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының даму қарқынын егжей-тегжейлі қарастырды. Шара аясында қаланың одан әрі көркеюіне қатысты тың идеялар да айтылды. Мәселен, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері Айдана Акесина Түркістанның рухани астана ретіндегі преспективасы жоғары, урбанизация бойынша ешқандай кедергі жоқ екенінатап өтті. «Түркістандағы халықаралық ортаны қазіргі заманауи беталыстарға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық базаның көмегіне сай қалыптастыру мүмкіндіктері бар. Бұл ретте экологиялық күн тәртібі де бар. Бұл бағыт Түркістанды дамыту бойынша өзектілігін жоғалтпауы қажет», деген ұсынысын айтты А.Акесина.
Қырғыз-түрік «Манас» университетінің ректоры Алпаслан Джейлан мен профессор, Назарбаев Университеттің қазақ тілі және түркі тілдерін тану кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы Түркістанның рөлі мен Қожа Ахмет Ясауидің түркіәлемі үшін қалдырған мұрасы туралы айтты. Сонымен қатар жиналғандар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Дәулет Жайлыбаев пен ҚСЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері Мәдина Бектенованың Түркістанның мәдени, өркениеттік және экономикалық даму мәселелері бойынша баяндамаларын тыңдады.
Конференция аясында «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқаулары мен гранттары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Халықаралық конференция «Назарбаев моделі»: 2040 жылға қарай түркі әлеміне көзқарас» атты дөңгелек үстел отырысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің I вице-ректоры Дженгиз Томар түркіәлемінің перспективаларын талдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тарихи шешімдеріне баға беріліп, ғылыми тұрғыдан сараланды. Дөңгелек үстелге сонымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Сейдулла Садықов, ҚСЗИ-дің аға ғылыми қызметкері Жанар Санхаева, Денсаулық сақтау технологиясын бағалаупрофессоры және клиникалық менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшы Филиппо Барточчони, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Цифрлық даму департаментінің директоры Нұрлан Құлмұрзаев, «GRAND master бағдарламалау мектебі» ЖШС директоры Алмат Қуанышбаев, ҚМУ «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадулла, «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Суат Бейлур, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы Досай Кенжетай, осы оқуорнының профессоры Бекжігіт Сердәлі қатысты.
Іс-шарада Түркі әлемі интеграциясының мәселелеріде жан-жақты сөз болды. Бұл ретте конференция қатысушылары Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуына ерекше назар аударып, бұл тарихи шешім– түркі әлемінің келешек келбетін кемелдендіре түседі деген қорытындыға келді.
Айта кету керек, аталған халықаралық конференция Тұңғыш Президент күнін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты ұйымдастырылды.