Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Апгрейд» қалалық суретшілер көрмесінде келушілер назарына ел тәуелсіздігі кезеңінде дүниеге келген үздік жұмыстар топтамасы ұсынылды.
Көрмеден орын алған жүзден астам шығармашылық жұмыстың арасында табиғи және қалалық пейзаждар, түрлі-түсті натюрморттар, графикалық портреттер, линогравюралар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, шағын мүсіндік пішіндер, коллаждар, акрил құю және флористика техникасымен салынған суреттер болды.
Кескіндеу өнерін қастерлеушілердің Александр және Надежда Болюх, Қуат Асқаров, Хайниса Мұстафина, Игорь Сатаев, Елена Малецкая сияқты танымал суретшілердің картиналарына деген ықыласы зор болды. Сонымен бірге көрмеде Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушылары мен Шахтинск қаласының көркемсурет мектебінің педагогтері ұсынған жұмыстар да көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл суретшілердің қатарында туындылары тұңғыш рет көрмеге қойылған қылқалам шеберлері де болды.
Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы