• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Желтоқсан, 2021

Павлодарда бірқатар тұрғын үй сусыз қалды

247 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желі қолданушылары Павлодар қаласында Сәтбаев-Естай көшелерінің қиылысындағы тас жолды су басып жатқаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін таңертең «Павлодар-Водоканал» ЖШС Сәтбаев көшесі, 63 ауданында («Экспресс» СҮ) диаметрі 500 мм құбырда апат болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау болмайды:

- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 («Экспресс» СҮ), 49 (облыс әкімдігі);- Қайырбаев көшесі: 34, 36;- Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27;- Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком);- Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129;- Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101;- Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.