• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Желтоқсан, 2021

Беларуссия референдум өткізеді

444 рет
көрсетілді

Ақпан айында Беларуссия Конституцияны жаңарту мақсатында референдум өткізеді. Бұл туралы Александр Лукашенко «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БЕЛТА» басылымы Беларусьтің жаңартылған Конституциясының жобасы жаңа жылға дейін жарияланатынын және егер төтенше жағдай болмаса, 20 ақпанда референдум өткізу жоспарланғанын жазады.

«Қазір жоба менің үстелімде. Құжаттар зерделенгеннен кейін референдумға шығарылады. Оны бір айға жуық уақыт ішінде жариялайтын боламыз», деді Александр Лукашенко өз сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңартылған Конституцияда үкімет пен парламенттің рөлі күшейтіліп, оларға конституциялық мәртебе беріледі.