Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогінің ширек финалында Сербиядан ұтылып, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Мадридте өткен ойында қазақстандықтар 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді.
Шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен Никола Чачич жұбы қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесовті 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылған.
Айта кетейік, Сербия мен Қазақстан арасындағы матчта Қазақстан тарапынан Михаил Кукушкин ғана жеңіске жетті. Ал Александр Бублик өз кезегінде Новак Джоковичтен ұтылды.