• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Кино 03 Желтоқсан, 2021

Отандық киноматографтың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

217 рет
көрсетілді

Фархат Әбдірайымов отандық киноматографтың дамуына қосқан үлесі үшін жүлдесімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық кинематографтың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Фархат Әбдірайымов 9-шы «Бастау» Халықаралық кинофестивалінің  жүлдесімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды. 

«Әкемнің Қазақстанның халық әртісі немесе еңбек сіңірген әртісі атағы болмаған, бірақ ол әрқашан мейірімділіктің, табандылық пен әділдіктің бейнесі. Сондықтан, біз әкеміздің «Отандық кинематографтың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатына ие болдық», делінген хабарламада.

Фестиваль ұйымдастырушылары сыйлықты актердің отбасы - Виктория Әбдірайымова мен ұлдары – Асан мен Темірлан Әбдірайымовтарға табыс етті.

Еске сала кетсек, қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов 2021 жылдың 21 мамырында Тбилисиде фильмнің түсірілімінде қайтыс болды.