Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында аптасына 2 тұрақты әуе рейсі жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.