• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Желтоқсан, 2021

Салық төлеуден жалтарған шенеунік ұсталды

448 рет
көрсетілді

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 157 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Қаржы мониторингі Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «Бурлингазстрой компаниясы» ЖШС-қа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», деп жазады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізгізіп отырған, нәтижесінде, ол 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

«Өтегенов сотталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан үш жылға айырылды», деп толықтырды ведомство.