Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёв Egemen Qazaqstan газетінің 4 желтоқсандағы санына берген сұхбатында Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы қандай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ, Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдерінің арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және өркениеттік байланыстарды атап өтеді.
«Бүгін біз Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, ашық, болжамды және тұрақты сипатқа ие болды деп айта аламыз.
Өзара іс-қимылды нығайту және ортақ міндеттерімізді дәйекті шешу өңірдің барлық елдерімен жалғасын табатынына сенімдімін.
Қайталап айтамын, біздің басты міндетіміз – Орталық Азияны гүлденген және тұрақты дамып келе жатқан өңірге, сенім мен достық кеңістігіне айналдыру», дейді Шавкат Мирзиеёв.