• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2021

Көпірден секіріп өлмек болды

265 рет
көрсетілді

Жамбыл облысына қарасты Шу ауданының 39 жасар тұрғыны темір жол вокзалының жаяу жүргіншілерге арналған көпіріне шығып, өмірін қиюға тәуекел еткен, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобы барған. Полиция капитаны Әзілхан Ілиясов ер адаммен әңгіме жүргізіп, оны қауіпті биіктіктен түсуге көндірген.

«Одан әрі тексеру барысында ер адамның анасымен және кәмелетке толмаған қызымен бірге тұратыны белгілі болды. Әйелімен 7 жыл бұрын ажырасқан. Оның айтуынша, өз-өзіне қол салмақ болған. Ол мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын айтудан бас тартты. Ер адам қазіргі кезде отбасымен бірге», делінген хабарламада.