Кеше Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джозеф Байден бейнебайланыс арқылы сөйлесетіні туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал бүгін екі держава көшбасшыларының қандай тақырыпта әңгіме-дүкен құратыны белгілі болды. Екі ел президенттері әңгіме барысында Ресейдің Украинамен шекарадағы әскери қызметі туралы тақырыпты қозғайды. Одан өзге мәселелер де назардан тыс қалмақ емес.
Бұл ақпарат тарағалы бері АҚШ тарапы үнсіз жатқан. Бүгін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәліметті ресми түрде растады.
«Президент Джозеф Байден сейсенбі, 7 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путинге қорғалған бейнебайланыс желісі арқылы қоңырау шалады», деді ол.