UFC басшылары Қазақстан тумасы Рафаэл Физиевтің жаңазеландиялық Бред Ридделлді нокаутпен жеңгені үшін қомақты сыйақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы осы жекпе-жегі үшін Рафаэл Физиев 104 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Оның 24 мың долларын октагонға шыққаны үшін, 24 мың долларын жеңісі үшін, 50 мың долларын жекпе-жек кешіндегі ең үздік өнері үшін, 6 мың долларын қосымша бонус ретінде берген.