• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Желтоқсан, 2021

Электр стансасындағы өрттен 8 адам көз жұмды

144 рет
көрсетілді

Қытайдың солтүстік-шығысында Шаньси провинциясында электр стансасы аумағында өрт шығып, 8 адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы CCTV мәлім етті.

CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан.

Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 04:20-да сөндірілді. Өрт салдарынан 8 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты.

Қазір шығу себептері анықталып жатыр.