• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Желтоқсан, 2021

Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

119 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы қаладағы Солүстік өндірістік аймақ көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 желтоқсан күні сағат 17.00-де «Ауди 100» автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, 1983 және 1982 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен көлік жүретін бөлікті кесіп өткен,  - дейді   облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.