Қазақстанның Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, келешекке сенімді қадам басу үшін айтылған дүние деп білемін.
Бірінші, Тәуелсіздік кез келген азамат үшін ең қастерлі ақиқат. Екінші, бірлік пен келісім-елдігіміздің мызғымас тұғыры. Үшінші, Жер - ата-баба мұрасы, халық қазынасы. Төртінші, Отбасы мен салт-дәстүр-қоғамның алтын діңгегі. Бесінші, ұлттық мәдениет - халықтың рухани тірегі. Алтыншы, білім мен еңбек - бақуатты өмірдің кілті. Жетінші, прагматизм - бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Мемлекетіміз Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда жаһанданудың тағы бір жаңа баспалдағына қадам басып, отанымыз әр салада өркендеумен қатар халықаралық аренада ойып алар орыны бар. Елбасы айтып өткен қастерлі Тәуелсіздік, ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-баба мұрасы жерді қасиеті, отбасының маңыздылығы елдігіміздің нышаны деп білемін. Мақалада айтылған әрбір теңеу, әрбір тұғыр маңызды, Тәуелсіздік пен Жер ата-баба қазынасы деген пікірді түсіну, көңілге тоқу біз, жас буын үшін өмірлік кредо болғаны абзал. Кез келген ұлт үшін және оның дамуы, тарих сахнасынан жоғалып кетпесі үшін ұлттық код, ұлттық миссия және ұлттық идеологияның орыны ерекше. Ол дегеніміз тіліміз, діліміз, ұлттық дәстүріміз, дінімізді жіті түсіну үшін осы мақаланың берері өте көп. Мемлекетіміздің бірлігі, тату тәтті өмір сүруі еліміздің кемел болашағы үшін өте маңызды дер едім.
Құрасбек Сәдібеков,
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Назарбаев университенінің магистранты