• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 06 Желтоқсан, 2021

Жамбыл облысында пара алған лауазымды тұлға ұсталды

302 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлескен жедел іс-шаралар аясында «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлескен операция өткізген. Сол кезде 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығы ұсталған.

«Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны үшін, сондай-ақ ары қарай қамқорлық жасаймын деп ақша алған», делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.