• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2021

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға асықты

353 рет
көрсетілді

Соңғы үш күнде  enpf-otbasy.кz платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға 46 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда enpf-otbasy.кz платформасын пайдаланушылар 43 744 өтінім бойынша БЖЗҚ-дан жалпы сомасы 242 млрд теңге болатын Отбасы банктегі арнайы шоттарына қаражат түсуін күтуде.

«3 желтоқсанда қазақстандықтардан зейнетақы артығын пайдалануға 16 000 өтінім келіп түсті. Бұл қазақстандықтар жыл басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкін болған кезде қойған өтінімдердің саны бойынша рекордтық көрсеткіш», деп жазады Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Банктің ақпараты бойынша, әдеттегі күндері платформа арқылы күніне 2 200-ге жуық өтінім өңделді.

Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы артығын қолданыстағы ипотеканы толық немесе ішінара өтеуге, жылжымайтын мүлікті толық сатып алуға, пәтер сатып алу немесе үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) үшін қарызды ресімдеу үшін бастапқы жарна ретінде, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге, емделуге пайдалана алады.

2021 жылғы 3 желтоқсандағы деректер бойынша бұл мүмкіндікті 1,68 трлн теңге сомаға 338 499 адам пайдаланған.