Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесінен ақау шықты. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коммуналдық қызмет мәліметінше, қазір қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Болжам бойынша, жұмыс сағат 22.00-де аяқталуы мүмкін.
Қала тұрғындары жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.
Видеожазбадан Рысқұлов көшесінің батыс бағытқа қарай жабылғанын көруге болады.
Еске салайық, бүгін, 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.