Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.
Екі елдің өзара іс-қимылы мәселелеріндегі негізгі басымдық әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медицинаны және инженер кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталды. Қорғаныстағы өзара іс-қимылдың осы және өзге де аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кезекті бесжылдық жоспарында көрсетілген.
Тараптар жыл сайын жұмыс бабымен өтетін кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту үшін сарапшылар нақты бағдарларды жан-жақты талқылап, айқындай алатынын атап өтті.