• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Желтоқсан, 2021

Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцина паспортын мойындады

2204 рет
көрсетілді

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Венгрияда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.